Дерекқор

Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады

2020 жылы ең төменгі жалақының қазіргі мөлшерін сақтап қалу шешімі шығарылды - биыл да 42 500 теңге болады
Sputnik

"2020 – 2022 жылдардағы республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес 2020 жылдың бірінші қаңтарынан жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер, сонымен қатар айыппұл, салық пен өзге де төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, зейнетақы және айлық есептік көрсеткіш мөлшері бекітілді.

  • Ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 16 839 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 38 636 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге.

Айта кетсек, 2020 жылы әлеуметтік салаға 5 триллион 692 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қаңтардан бастап бензин бағасы өсті