Қоғам

Тоқаев Серікболсын Әбділдиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің отбасына көңіл айтты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Белгілі қоғам қайраткері жəне ғалым Серікболсын Əбділдиннің қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Серікболсын Əбділдəұлы - елімізді дамыту жəне парламентаризмді қалыптастыру ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Марқұмның топырағы торқа, жаны жанатта, иманы саламат болсын!", - делінген жеделхатта.

Қазақстандық экономист әрі саясаткер Серікболсын Əбділдин бірінші қаңтарда 83 жасқа келген шағында көз жұмды.
Серікболсын Əбділдəұлы жайлы толығырақ Sputnik материалынан оқыңыздар.