НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов циркте өнер көрсетті, деп хабарлайды Altyn Asyr телеарнасы.
29 желтоқсан күні, жексенбіде Бердімұхамедов Ақалтеке халықаралық ат спорты орталығында болып, шабандоз-акробаттардың өнерін тамашалап, труппа мүшелерімен сөйлесті.
Тағы оқыңыз: Бердімұхамедов министрді қызметінен босатып, генерал шенінен айырды
Ұжым басшысы Пыгы Байрамдурдыев президентті Ак ел ("Ақ жол" - Sputnik) деген атқа мінуге шақырды. Бердімұхамедов ат үстінде цирк аренасын бірнеше рет айналды.
Кездесуге қатысқан балалар өлең оқып, сәйгүлікке арналған "Ровач" рэп-композициясы жазылған дискілерді сыйлыққа алды. Бердімұхамедов әнді немересі Керимгулымен бірге орындаған.