Мәселен, депутат Сапар Ахметовтің отбасы бір үйде жиналып, мерекелік дастарқанда бір-бірімен алдағы жоспарларын талқылайды.
Ал Зағипа Балиеваның айтуынша, олар Жаңа жылды қара шаңырақта қарсы алып, екінші күні бір-біріне қонаққа барады екен.
Нұржан Әлтаев та Жаңа жылды елордада отбасымен бірге қарсы алмақ.
Тағы оқыңыз: Бүкіл Қазақстанды селт еткізген оқиға
Десе де Жаңа жылды тойламайтын мәжілісмендер де бар екен. Соның бірі – жас депутат Нұрлан Әлімжанов. Ол үшін Жаңа жыл – ұлыстың ұлы күні Наурыз. Ал 31 желтоқсанды халық қалаулысы күнтізбенің ауысуы деп қана қабылдайды.
Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді