Қоғам

Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

Алматы қаласында ұшақ апатынан қаза тапқан әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Алматыда 27 желтоқсанда қала түбіндегі ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың жаназасы өтті. Рүстем Есімханұлының асына оның туыстары, әріптестері мен достары келді.

Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

"Генералдар кеңесі" РҚБ төралқа төрағасы Рүстем Қайдаров әріптестері арасында белсенді ұйымдастырушы әрі көшбасшы болған екен.

"Ол өте белсенді адам болатын, әрдайым бірдеңе ұйымдастырып жүретін. Мысалы, Отан соғысы батырларымен байланысты шаралар ұйымдастыратын. Біз 28 панфиловшы ерлігіне арналған Мәскеудегі шараларға да қатыстық, жастармен де жұмыс істедік – бұның бәрі Рүстем Есімханұлының еңбегі", - деп әңгімеледі полиция генерал-майоры, "Генералдар кеңесі" РҚБ төралқа мүшесі Райымхан Өзбекқалиев.
Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

Оның айтуынша, генерал-майордың қазасы туралы күтпеген жаңалық барлығының қабырғасын қайыстырды. Ол Рүстем Қайдаров тірі болса, 2020 жылдың 18 мамырында 80 жасқа толар еді дейді, бұл мерейтойға дайындық басталып та кеткен екен.

Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

Генерал Рүстем Есімханұлын жерлеу рәсімі бүгін Алматыда өтеді.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.