АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Өрт Алматыдағы Шевченко – Радостовец көшелерінің қиылысында болды.
Оңтүстік мегаполисте электр құралдарының дүкені тып-типыл жанып кетті.
Өрт сөндірушілер жақын маңдағы дәмхана мен мемлекеттік емхананы қызыл жалыннан аман алып қалды.
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото
© Sputnik / Стрингер
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 400 шаршы метрге жуықтаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото
© Sputnik / Стрингер
Өрттің себептерін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр.
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото
© Sputnik / Стрингер
Бұған дейін Алматыда ерекше жануарларға арналған баспана басшысының үйі өртенгені туралы хабарланған болатын. Жеке үйде болған жантүршігерлік өртте сегіз мүгедек жануар өлді.