НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматы хирургтері ерекше жағдайға тап болды, олар денесінде ұрықтың, атап айтқанда, туылмаған егіздің бөлшектері қалып қойған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Баланың туғаннан омыртқасында кінәрат болған. Дәрігерлер бел тұсында ісік бар деген диагноз қояды. Оны алып тастау туралы шешім қабылданды. Отаны Алматы қаласының №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасының хирургтері жасады.
"Біз кесіп тексергеннен кейін оның тератома екенін білдік. Дененің бөлшектерін көрдік. Яғни ұрық болды", - дейді Алматыдағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлібек Жарасов.
Дәрігерлердің айтуынша, операцияның сәтті аяқталуын ғажайып оқиға деп атауға болады, өйткені мұндай ауытқулар сирек кездеседі.
№2 қалалық ауруханада жаңа хирургия бөлімі 2019 жылдың сәуір айында ашылды, осы уақыт ішінде мұнда 150-ден астам күрделі операция жасалды.
"Бір уыс паразит шықты": Шымкентте жүкті әйелге бір мезгілде екі ота жасалды
Келесі жылы аурухана басшылығы хирургия бөлімшесін кеңейтіп, жаңа жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр.
Егіз-паразит – өте сирек кездесетін биологиялық құбылыс, егіздің бірі онша дамымаған екіншісін сіңіріп алады. Бұл эмбрион дамуының алғашқы кезеңдерінде болады. Егіз-паразит "қожайынының" ағзасында көптеген жыл бойы өмір сүре алады.