Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тыр жаңалаңаш ер адам жылы аялдаманы қиратпақ болды - видео

Елордалық тәртіп сақшылары бұзақыны құрықтап, уақытша ұстау абақтысына қамауға алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Тыр жалаңаш ер адам астанадағы жылы аялдаманы талқандауға тырысты.

Үстінде киімі жоқ мас бұзақы қоғамдық тәртіпті бұзды. Ол туралы хабар полицияға түнгі сағат үште түсіпті. Ер адам құқық қорғаушыларға берілгісі келмей, қарсылық көрсеткен.

"Бұзақыны ұстау кезінде ол ағаш орындықтың бір бөлшегімен қорқытуға тырысты. Тәртіп сақшылары санаулы минутта қылмыскерді құрықтады", - деп хабарлады полиция департаменті.

Ұсталған азамат 44 жаста, ол ұрлық пен тонау жасағаны үшін бірнеше рет сотталған екен. Оның елордада тұрғылықты тұратын жері жоқ екені де анықталды.

Тағы оқыңыз: Ер адам жылы аялдаманы неге сындырғанын түсіндірді

Ер адам жақында түрмеден шыққан, дейді құқық қорғаушылар. Қазір бұзақы ұрлық жасады деп айыпталып отыр.

Азамат полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Жылы аялдамадағы жағдайдың мән-жайы анықталуда. Қылмыстық кодекстің 293-бабы - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оған сәйкес, айыппұл салу не қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу/айыру жазасы қарастырылған.