Саясат

Назарбаев Путиннің қандай қасиеті таңғалдырғанын айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей халқының бағына Владимир Путин дер уақытында басшылыққа келді деп санайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РИА Новостиге берген сұхбатында Владимир Путин билікке алғаш келген кезде қандай әсер қалдырғанын айтып берді.

Назарбаев Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин өзінің мұрагерін ұзақ уақыт таңдағанын еске салды.

"ХХІ ғасырдың таңында Кремльге жаңа саясаткер келді, ол өзінен бұрынғы басшыларға ұқсамады. Ол кезде Ресейде "Путин дәуірі" басталды деп ешкім айта алмайтын еді", - деді Назарбаев.

Елбасы Ресейдің жаңа лидерінің "жоғары білімдарлығы, жігерлілігі және ең күрделі мәселелерді шешуге дайын болуы" таңғалдырғанын атап өтті.

Назарбаев Путиннің қандай қасиеті таңғалдырғанын айтты

"Сол кезде жас саясаткердің өмірдегі барлық нәрсеге дайын екендігі, кез келген сын-қатерге айқын және нақты жауап бере алатындығы жайлы сезім болды", - деді Назарбаев.

"Болар іс болды": Назарбаев кеше Путинмен не жайлы сөйлескені белгілі болды

Қазақстанның тұңғыш президенті "Ресей Федерациясы халқының бағына ХХІ ғасырдың басында елді басқарған және оны ең қиын сынақтардан өткізген Владимир Владимирович дер уақытында келді" деп санайды.

"Оның басшылығымен Ресей қайта ұлы державаға айналды", - деп атап өтті ол.

Владимир Путин 2000 жылдың 7 мамырында Ресей президенті болды, оған дейін, 1999 жылдың 31 қаңтарынан бастап Борис Ельцин өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін Ресей Федерациясы басшысының міндетін атқарды. Ол 2004, 2012 және 2018 жылдары мемлекет басшысы лауазымына қайта сайланды.