Саясат

Әзербайжан президенті 58 жасқа толды: Тоқаев әріптесіне не тіледі

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Тоқаев Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты", - деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Бір отбасы сияқты - Ильхам Әлиев Назарбаев туралы сөз қозғады