Видео

Бір уақытта 69 автокөлік соқтығысты: оқиға орнынан видео жарияланды

АҚШ-тың Вирджиния штатында жаппай ірі жол апаты болды – 69 жеңіл және жүк көлігі бір-біріне соқтығысты
Sputnik

Жергілікті полиция Twitter-де апат Ричмонд қаласынан бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан Квинс-Крик көпірінде болғанын хабарлады.

Самара – Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты – жантүршігерлік суреттер 

Ірі апаттың салдарынан 50-ден астам адам жарақат алды, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Желіде жарияланған видеолардан автокөліктер бірінің артына бірі соғылғанын көруге болады.

Кейбіріне өте қатты зақым келген. Полиция ірі апатқа тұман мен көктайғақ себеп болғанын атап өтті.