НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында атлант циклоны әлі де сақталады. Соның әсерінен ауа райы құбылмалы болады, қар жауады деп болжануда. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасындатады.
Дабылды ескерту
22 желтоқсанда Шымкентте көктайғақ, бұрқасын, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады деп күтілуде.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында – қар, көктайғақ және бұрқасын. Желдің екпіні 25 м/с дейін барады.
Қостанай облысының кейбір аумағында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын сақталады. Түнде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында түнде тауларда қалың қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтілуде, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеймек.
Өңірлердегі ауа райы
Жамбыл облысында – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Желдің екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с дейін барады.
Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. 15-20 м/с жел соғады.
Алматы облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын және жел күтілуде.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Ақтөбе облысында да – бұрқасын және жел. Солтүстік Қазақстанда кейбір аймақтарда – тұман және бұрқасын.
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Мегаполистерде ауа райы қандай болады
Елордада күн бұлтты, күні бойы қар жауады. Сынап бағанасы 7-9 градус аязды көрсетеді.
Алматыда да қар жауады, күн бұлтты. Ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендейді.
Шымкентте күн бұлыңғыр, оқта-текте қар жауады.