НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Бірнеше өңірде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты республиканың ірі тас жолдарында қозғалыс шектелді.
"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, Жамбыл облысында "Алматы – Ташкент – Термез" автожолының 546-593 шақырымы учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Алматы – Өскемен автожолының 558-615 шақырымында, Үшарал қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол да жабылды.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жергілікті маңыздағы бірқатар жолда ауа райының бұзылуына байланысты қозғалыс шектелді.
Сондай-ақ, Семей – Рубцовск тас жолының 3-113 шақырымы, Глубокое кенті – Михайловка кенті, 15-123 шақырым учаскесінде, Семей – Қайнар кентінің 8-266 шақырымы, Өскемен – Серебрянск 6-66 шақырымы жабылды.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Бұған қоса, Өскемен –Семей жолының 10-198 шақырымында, Майқапшағай – Омбы автожолының 906-956 шақырымында қозғалыс жабылды.
21 желтоқсанда республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды.