Видео

Назарбаев ЖЕЭК отырысына қатысып жатыр – видеотрансляция   

Бүгін, 20 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді
Sputnik

ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) одақ қызметінің түбегейлі мәселелерін қарастырады, стратегиясын, интеграцияны дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайды және Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаттарын іске асыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды.

ЖЕЭК ЕАЭО халықаралық ынтымақтастығының тәртібін бекітеді, одақ атынан үшінші тараппен келіссөздер жүргізу, оның ішінде халықаралық шарттар жасасу, халықаралық келісімшартты тоқтату, тоқтата тұру немесе одан шығу туралы шешімдер қабылдайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бармады – Қазақстан атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Тоқаев Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық одақтың саммитіне бармайды 

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге 2014 жылдың 29 мамырында Астана қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) қол қойылды, ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

ЕАЭО құру туралы бастаманы алғаш рет 1994 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде көтерген болатын.

Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше болып саналады.

Биыл Жоғары еуразиялық экономикалық кеңеске Армения төрағалық етіп жатыр.

2020 жылы төрағалық Беларуське өтеді.