Оқиға

Алматыда жолда 3 әйел көз жұмды

Қатты соққыдан көлік жолдың шетіне ұшып түсіп, металл қоршауға соғылған. Жол апатынан үш адам қаза болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жүргізуші әйел рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен автобусқа соқтығысты. Апаттан үш адам көз жұмды, тағы біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ірі жол апаты Алатау ауданындағы Жаужүрек көшесінде (бұрынғы Бұрындай тасжолы) болды.

Куәгерлердің айтуынша, Renault көлігі Жаужүрек көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Ол Трудовик елді мекеніне жетпей, қалаға қарай шығыс бағытта жүріп келе жатқан 15-бағдардағы автобусты бір бүйірімен соққан.

Алматыда жолда 3 әйел көз жұмды

Renault көлігін жүргізген әйел рөлге ие бола алмай қалғанын айтты.

Қатты соққыдан автокөлік жолдың шетіне ұшып түсіп, содан кейін металл қоршауға соғылған. Ол көлікті өзенге құлап кетуден сақтаған.

Алматыда жолда 3 әйел көз жұмды

Соқтығысу салдарынан үш адам – 1960, 1978 және 1988 жылы туған Renault жолаушылары көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауыр халде жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, оқиға орнына құтқару қызметі шақырылды, олар гидравликалық құралдарды пайдаланбай, қаза болғандардың денесін көліктен шығарды.

Алматыда жолда 3 әйел көз жұмды

Алматы полиция департаменті жол апатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты растады және апат фактісі бойынша бірқатар сараптама тағайындалғанын хабарлады.