Спорт

Алик Шпекбаев "Қазақ күресі" федерациясының президенті болып сайланды

Бүгін елордада өткен жиында федерация атқарушы комитетінің құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Бүгін қазақ күресінен VIII әлем чемионаты аясында "Қазақ күресі" дүниежүзілік федерациясының халықаралық конгресі өтіп, онда федерация президенті сайланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

Конгресске алыс және жақын шет мемлекет өкілдері қатысты. Барлығы әлемнің 27 елінің өкілдері болды.

Жиында федерация атқарушы комитетінің құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды.

Конгресстің бірауыздан қабылданған шешімімен Алик Шпекбаев бес жыл мерзімге "Қазақ күресі" дүниежүзілік федерациясының президенті болып сайланды. 

"Сіздердің менің кандидатурамды қолдауларыңыз, мен үшін үлкен жауапкершілік. Біз федерациямызды одан әрі дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын. Алдымызда көп міндет тұр. Біз алдағы 5 жылға, атап айтсақ 2020-2025 жылдарға стратегияны анықтаймыз, осы бағытты барынша дамытамыз", - деп атап өтті Алик Шпекбаев. 

Еске салсақ, 20-21 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 40 елінен 300-ге жуық спортшы қатысады.