Қоғам

Ақтаулық сұлу шетелдік әншінің клипіне түсті - видео

Бейнебаянның премьерасы 5 желтоқсан күні болды.  Бұған дейін де бойжеткенге клипке түсуге қатысты талай рет ұсыныс жасаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Miss Virtual Kazakhstan байқауының финалисі Милана Закарьяева Elvin Grey  мен Бабек Мамердзаевтың "Я рабби" атты әнінің клипіне түсті. Бейнебаянның премьерасы 5 желтоқсан күні болды. 

Бұған дейін де бойжеткенге клипке түсуге қатысты талай рет ұсыныс жасаған, деп жазады Lada.kz.  

"Маған режиссердің ассистенті хабарласты. Түсірілім кезінде киімді Ақтау қаласында іздеді. Алайда Алматыдан тапсырыс берді. Мен екі-үш жыл бұрын Miss Virtual Kazakhstan байқауына қатыстым. Сол байқаудан кейін клип, сериал, роликтер мен фильмге түсуге қатысты талай ұсыныс түсті. Түрлі себептермен олардың біразына қатыса алмадым", - деді Милана.

Алайда бұл жолы ол Elvin Grey мен Бабек Мамедрзаевтың шығармашылығына қызығушылық танытқан. Сондықтан клипке түсемін деп шешкенін айтады. 

Режиссер түсірілімнің басым бөлігін Дубайда түсірмек болған. Алайда дайындық уақыты біраз созылып кеткен соң Маңғыстауда аяқтау жөнінде шешім қабылданыпты. Түсірілім тобы Ақеспе жырасы жаққа бет алған.

Тағы оқыңыз: Он бес жасында тұрмысқа шыққан ақтаулық қыз мән-жайды айтып берді – видео

"Әншілермен бірге түскен кадрлер көктемде Таиландта түсірілген болатын. Ал мен түскен кадрлер шөлде болуы тиіс еді. Сондықтан біздің өңірді таңдадық. Түсірілім екі күн болды. Алғашқы күн аса қиын өтті. Өйткені түнгі 3-те грим жасау керек болды. Ал мен түнде қобалжып, көз іле алмадым", - дейді ақтаулық сұлу.

Оның үстіне клип қараша айының басында түсірілгендіктен, күн суық болған. Үзіліс кезінде клип кейіпкері сырт киіммен жүріпті.