Қоғам

Алматы атауын өзгерту төңірегіндегі дауға қала әкімі араласты

Бақытжан Сағынтаев бұл мәселені ешқашан қарастырмағанын және әкімдіктің күн тәртібіне енгізілмегенін айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың атауын өзгерту мәселесі әкімдіктің күн тәртібінде жоқ екенін хабарлай келе, оған қатысты өз пікірін білдірді.  

Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желілердегі қызу пікірталасқа қатысты пікірін Instagram желісіндегі парақшасында білдірді.

"Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазды Тоқаев.


Ол жақында қабылданған "Алматы 2050" стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру жұмыстары атқарылып жатқанын айта кетті.

Алматының атауын өзгертуді кім ұсынды

Алматының атауын өзгертіп, қалаға бұрынғы атауы – Алма-Атаны қайтаруды белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұсынды. Ол Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында ірі мегаполис тұрғындарының көбі қаланың бұрынғы атауын қайтаруға қарсы емес екенін айтты.

Ол сонымен қатар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атауын өзгерту туралы ұсынысын қолдағанын хабарлады.

Алматы атауын өзгерту ұсынысы: президент кеңесшісі пікір білдірді 

Кейін бұл мәселе бойынша президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин пікір білдірді. Ол қалалардың атауын өзгерту мәселесі барынша талқыланып шешілетінін және мемлекет басшысы қала билігіне бұдан әлдеқайда маңызды міндет қойып отырғанын атап өтті.