Қоғам

Қатерлі ісікке шалдықтыратын тағам аталды

Зерттеу жүргізген мамандар дұрыс тамақтанбау салдарынан қатерлі жасушалардың дәріге төзімді бола түсетінін айтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Құрамында майы көп тағам ағзада қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғады, деп хабарлайды "Известия".

АҚШ-тағы Дартмут онкологиялық орталығының мамандары арнайы зерттеу жүргізген. Оның қорытындысына сәйкес, құрамында майы көп рацион мен семіздік салдарынан ісік пайда болатыны анықталды. Сүт безінің қатерлі ісігі болады, сондай-ақ онкологиялық дертке шалдыққандардың сауығу процесі баяулайды.

Тағы оқыңыз: Қатерлі ісік пен диабеттен құтқарады – ғалымдар ағзаға пайдалы өнімді атады

Зерттеу рак жасушалары өсу үшін майды пайдалана бастайтынын көрсеткен. Олар қандағы майды сіңіріп, жасушалардың метаболизмін өзгертеді. Сондықтан қатерлі жасушалар дәріге төзімді бола түседі. Майлы тағамды көп жейтін адам салмақ қоса бастайды. Ал семіздік ағзадағы рак жасушаларының әлдеқайда тезірек таралуына әкеліп соғады.