Өңірлер

Синоптиктер 16 желтоқсан күні ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет көптеген өңірде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейетінін хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда, Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен астанада дабылды ескерту жарияланды.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте күн суытады.

Ірі қалалардағы ауа райы

  • Мереке күні елордада күн ашық, күндіз -13...-15, түнде -19...-20 градус.
  • 16 желтоқсанда Алматы қаласында жауын-шашынсыз, күндіз -2...-4, түнде -8...-10 градус.
  • Шымкентте де күн ашық, күндіз +2...+4, түнде -8...-10 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында боран, тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде желдің жылдамдығы  – 18 м/с.

Ақмола облысында көктайғақ, боран, түнде жел күшейеді, жылдамдығы – 15-20 м/с.  

Алматы, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.