Қоғам

Ресей президенті ЕАЭО азаматтарының зейнетақысы туралы келісімді мақұлдады

ЕАЭО тұрғындары үшін бірыңғай зейнетақы туралы Еуразиялық комиссияның келісімі ұйымның кез келген елінде жұмыс өтілін есепке алуды қарастырады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан –Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағында жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдады, деп жазды РИА Новости.

Келісім жобасына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет зейнетақы құқығын өз заңнамасына сәйкес және өз аумағындағы еңбек өтіліне қарай анықтайды.

Тағы оқыңыз: Досаев ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қатысты мәселеге нүкте қойды 

Егер бұл еңбек өтілі зейнетақы алу үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ға мүше елдердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес, осы мемлекеттердегі жұмыс өтілі ескеріледі.

Сонымен қатар, келісім жобасының ережелеріне сәйкес, мүгедектікті анықтау үшін жұмыскерді медициналық тексеруден өткізу қызметте болған елдің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Мүгедектіктің тобы, мерзімі және себебі туралы шешімді заңға сәйкес зейнетақы тағайындалатын және төленетін елдегі медициналық-әлеуметтік сараптама органы қабылдайды. Қажет болған жағдайда, ЕАЭО-ның басқа мүшелерінің тиісті мекемелері берген анықтамалар мен медициналық қорытындылар қабылданады.