Бұл олқылықты жою үшін астанада өткен республикалық форумда алғаш рет медиаволонтерлік тақырыбы қозғалды.
Жиынға "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің "Волонтер мектебі" жобасының жетекшісі Мария Ферсман мен Sputnik Қазақстанның шеф-редакторы Динара Досмұхаметова қатысты.
Журналистер волонтерлерге бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатудың жолдары туралы айтты. Жиылғандар баспасөз релизін жазу, журналистердің қызығушылығын тудырудың құпиялары туралы білді. Мұның бәрі оларға 2020 жылы қажет болады. Өйткені келер жыл Волонтер жылы деп жарияланды.
Мария Ферсман 2018 жылы Ресейдегі волонтер жылы туралы айтты, тәжірибе бөлісті.
"Тыңдарманға ұзақ әрі қиын жазылған мәтін қызық емес. Олар адамдардың хикаялары туралы білгісі келеді. Өйткені нақты адамдарға көмек көрсеткілері келеді", - деді Мария Ферсман.
Sputnik Қазақстанның шеф-редакторы Динара Досмұхаметова медиаволонтерлік тақырыбы SputnikPro тренингінде міндетті түрде талқыланатынын айтты. Мұндай тренингтерді Sputnik Қазақстан келер жылдан бастап жүргізе бастайды.
"Біз 2020 жылы SputnikPro бағдарламасы аясында шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Олардың біреуі волонтерлерге арналады. Волонтерлік ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатқысы келеді. Оның үстіне 2020 жыл елімізде волонтерлерге арналады", - деді Досмұхаметова.
SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту. Жоба іске қосылғаннан бері оған 80-нен астам елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары Әзербайжан, Армения, Абхазия, Беларусь, Грекия, Грузия, Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Эстония мене Оңтүстік Осетияда ұйымдастырылды.