Қоғам

Ұлттық волонтерлік желі Sputnik Қазақстанды марапаттады

Елордада волонтерлер форумы өтіп жатыр. Жиында Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі марапатқа ие болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы Ұлттық волонтерлік желіден марапат алды. Ерекше награда Волонтер жылына орайластырылған республикалық форумда табысталды.

Ұлттық волонтерлік желі Sputnik Қазақстанды марапаттады

"Келесі жылы Sputnik Қазақстан волонтерлік қозғалысқа арналған арнайы жобаны іске қосады. Ресейде бұл салада мол тәжірибе бар. Республикалық форумда ақпараттық агенттіктің шеф-редакторы жоба туралы айтып, тәжірибемен бөліседі,  - деді "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов астанада өткен марапаттау рәсімінде.

Волонтерлердің республикалық форумы сәрсенбі, 11 желтоқсан күні басталды. Елордаға елдің түрлі өңірі, ТМД және Еуропа елдерінен 1 500 қатысушы келді.

Ұлттық волонтерлік желі Sputnik Қазақстанды марапаттады

2020 жыл волонтерлік қозғалысқа қолдау көрсету жылы деп жарияланған болатын. Мұндай ұсынысты 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан-Ресей форумында Ұлттық волонтерлік желінің төрағасы Вера Ким жасады.

Мемлекет басшысы бұл идеяға қолдау көрсетті.

Sputnik – елдер мен өңірлердегі 32 тілде интернет сайттар мен аналогтық және цифрлық радио хабар тарататын ірі халықаралық БАҚ-тардың бірі. Орыс, ағылшын, француз тілінде ақпарат таратады. Әлемнің 80-нен астам қаласында және интернетте өз оқырманы бар.

Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы жетекші әлемдік басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат ұсынады. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы  - айына 50 миллион. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеу қаласында. Sputnik "Россия сегодня" медиа тобына енеді.