Әлем

Әпкесін өлтірген жігіт сот залының төбесі арқылы қашып кетпекші болды – видео

18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінен жындарды қуып шығарамын деп оны өлтіріп алған. Кейінірек пәтерден есірткі табылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Діни жоралғы жасау барысында әпкесін аяусыз өлтірген мәскеулік Леонид Грейсер қамаудан қашпақшы болды. Ол полицейлердің көз алдында тордан шығып, сот залының төбесін бұзып, жоғары көтерілді.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында жігіттің жынын қуамын деп өлтіріп қойған емші ұсталды

Жас жігіттің темір тордан шығып, төбені бұзып, сонда кіріп жатқаны видеоға түсіп қалған. Сот айдауылдары қашқынды ұстауға ұмтылды, бірақ ол оңай болмады – күш қолдануға тура келді, деп хабарлады life.ru.

Айта кетейік, Мәскеуде 18 жастағы жігіт 21 жастағы әпкесінен "жындарды қуып шығармақ" болып, оны өлтірген. Кейінірек пәтерден есірткі табылды.