Қоғам

Мереке күндері Нұр-Сұлтаннан қосымша пойыздар жолға шығады  

"Мерекелік" пойыздардың кестесіне ішкі бағдарлардан басқа, Алматы – Новосібір бағытындағы рейс қосылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері кезінде екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

  • № 6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағыты бойынша 2019 жылдың  17 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 7 қаңтары күндері;
  • № 7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсаны мен 2020 жылдың 4 қаңтары күндері;
  • № 7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың  13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың  3, 4, 7 қаңтары күндері.

Сондай-ақ, "Алматы-Новосібір" бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік рейс жасайды. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні жолға шығады. 

Пойыз билеттері екі есе арзандайды: жеңілдікке кімдер ие болады?

Бұған дейін хабарланғандай, мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша ("Алматы-2-Шымкент", "Алматы-2-Түркістан", "Маңғыстау-Бейнеу", "Нұр-Сұлтан-Шу") қосымша пойыздарды іске қосқан болатын.

Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметі арқылы алуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).