НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 374 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
"11 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 07:13-те жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,2. Магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – бес километр", - деп жазылған сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сайтында.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 374 шақырым жерде орналасқан. Сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жер сілкінді
Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанға қараған түні Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жер асты дүмпулері үш балға дейін жетті.