АЛМАТЫ, 9 желтоқсан — Sputnik. "Дүниежүзі аруы - 2019" байқауында Оңтүстік Африка республикасының өкілі Зозибини Тунзи жеңіске жетті.
"Оңтүстік Африка республикасының өкілі "Дүниежүзі аруы-2019" атанды", - делінген байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Жеңімпаздың тәжін оған "Дүниежүзі аруы-2018" атағына ие болған филиппиндік Катриона Грэй тапсырды. 26 жастағы Зозибини Тунзи әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен стереотиптерге қарсы екенін ашық айтып жүреді.
Биылғы конкурста екінші орынға 24 жастағы Мэдисон Андерсон (Пуэрто-Рико) ие болса, 25 жастағы София Арагон (Мексики) үшінші орыннан көрінді.
"Дүниежүзі аруы - 2019" байқауына 93 елдің өкілі қатысты. Ресей биылғы байқауға барған жоқ. Себебі осы елдің өкілі виза алып үлгермеді. Сұлулық сайысы АҚШ-тың Атланта қаласында өтті.
Қазақстан атынан кім қатысты?
"Дүниежүзі аруы-2018" байқауында Қазақстанның атынан 18 жастағы Әлфия Ерсайын қатысты. Былтыр ол "Қазақстан аруы" атанған болатын.
Костюмдер конкурсында Әлфия ұлттық нақыштағы қызғылт көйлекпен дефиле көрсетті. Көйлегі мен бас киімінде ұсақ моншақтар болды. Өткен жылы "Дүниежүзі аруы-2018" байқауында Қазақстанның атынан Сабина Әзімбаева қатысқан болатын. Ол "Алматы аруы-2017" байқауында жеңіске жеткен.