НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Дүйсенбі күні оңтүстік-батыс, батыс пен шығыста қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Өзге аймақтарда жауын-шашын болмайды. Тұман, көктайғақ болып, боран соғады. Синоптиктер жел күшейетінін хабарлады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада күн бұлтты болады, қар жауады. Түнде -4, күндіз -2 градус болады. Қатты жел соқпайды.
Алматыда күн ашық. Түнде -1, күндіз +7.
Шымкент қаласында ауа температурасы +13, +4 градусқа дейін көтеріледі.
Ірі қалалардағы ауа райы
Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, боран болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облысында тұман түседі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Ақмола өңірінде де тұман болады. Көктайғақ пен бұрқасын болады.
Атырау, Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман және көктайғақ.
Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында тұман болады.
Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы мүмкін.