Оқиға

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті: оқиғаның мән-жайы

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды
Sputnik

ПАВЛОДАР, 8 желтоқсан – Sputnik. Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, трагедия Естай көшесіндегі №134/1 үйдің ауласында болған. Осы үйдің тұрғыны көз жұмды деп хабарланып отыр. Полиция аумақты қоршауға алды.

"Өте керемет жан, отағасы, әке, ата еді. Әрқашан көмекке келуге дайын тұрды", - деп жазады желі қолданушыларының бірі.

"Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", - деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Тағы оқыңыз: Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.