Одақтың туған күніне Мәскеу метрополитені осындай сыйлық жасаған.
Пойыз метроның Сақина желісінде жүреді.
"Бұл достық пойызы, ол мәскеуліктерге Еуразиялық экономикалық одақ туралы ақпарат береді. Біз – жас ұйымбыз, мұндай бастамалар біздің одақты кеңірек танытуға мүмкіндік береді", - деді ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян пойызды іске қосудың салтанатты рәсімінде.