Оқиға

Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео

Жол апаты бір адамның өмірін қиды, 9 адам зардап шеккен, оның ішінде 5 бала бар, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында "Индер-Атырау трассасында көлік жүргізушісі көз жұмып, бес оқушы жарақат алды.

"6 желтоқсанда кешкі сағат 19.50 шамасында "Индер-Атырау  трассасының Бөдене ауылы түсында ресейлік нөмірлі Opel Vectra мен Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысып, Opel-дің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деп жазды өңірлік "Ақ жайық" басылымы.     

"Лада Х-Рей" көлігінің рөлінде Құрылыс ауылындағы орта мектептің директоры болған, ол Индер ауданы орталығынан пәндік олимпиадаға қатысқан 5 оқушыны әкеле жатқан.

9 адам зардап шеккен, оның ішінде 5 бала бар, олар түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Үйіне келе жатқан: Камераға түсіп қалған апат 17 студенттің өмірін қиды 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.