Өңірлер

Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті

Темірлан тас жолында екі жасөспірімді көлік қағып кетті, бірі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі жансақтау бөліміне түсті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласында көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті. 

"2019 жылдың 4 желтоқсанында Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікпен кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кеткен.  Жол-көлік оқиғасының салдарынан оның біреуі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі түрлі жарақатпен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жан сақтау бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.