НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Олар Францияда орыс диверсанттарының базасы анықталды дейді. NBC: "Орыс агенттері француз Альпілерінде адам өлтірушілер ұясынан соққылар дайындаған, дейді барлаушылар".
The Telegraph: "Орыс тыңшылары француз Альпілерін Британия мен басқа елдерге шабуылдау үшін базалық лагерь ретінде пайдаланған". Тағы сол сияқты.
Барлық тақырып француз Le Monde басылымында шыққан жаңа мақаланы қайта баяндайды, деп хабарлайды РИА Новости.
Мақаланың мәні: газеттің анонимдік дереккөздері ресейлік барлаушыларда Жоғарғы Савойяда (Монблан тауы, Анси көлі мен курорттары бар таулы аймақ) база болғанын хабарлайды.
Тағы оқыңыз: Әлемде интернет саласында не болып жатыр
Беймәлім дереккөздердің мәліметінше, 2014-2018 жылдар аралығында сол жерде кем дегенде Бас барлау басқармасының 15 қызметкері болған.
Олардың қатарында Петров пен Боширов бар. Бұл қызметкерлер Савойядан Еуроодаққа "адам өлтіру мен қаскүнемдік жасауға" шығып отырған.
Бұған қоса, басылым "батыс арнайы қызметтері қару немесе қандай да бір дәлелдерді анықтап, тәркілей алмады" деп хабарлады.
Сондай-ақ, Францияның өзінде адам өлтіру мен қаскүнемдік іздері табылмады. Есесіне дәл осы жерден Ұлыбритания жүрегіне соққы жасалды деген болжам бар.
Мәселен, Солсбериде Скрипальдің ұлануы. Осы жерден Болгарияға да шабуылдар жасалды (2015 жылы үш адамның улануы, "Новичок" қолданылған, құрбандар жоқ).
Сонымен қатар, Черногория бойынша соққы болды – төңкеріс жасау әрекеті, құрбандар жоқ, төңкеріс болмады.
Қандай да бір арнайы қызметтің басқа ел аумағында базасының болғаны, бірақ бұрыннан жоқ болғаны туралы мәліметтің өзі – ешқандай да жаңалық емес.
Қандай да бір дәлелдер жоқ болса да, төрт жыл бойы бір аймаққа 15 адам келді деген тұжырым шығып отыр.
Тағы оқыңыз: НАТО саммиті: қазіргі халықаралық жағдай қандай?
Яғни, бір қарағанда бұны қалай және кімге қарсы пайдалануға болатыны мүлде түсінікіз. Дегенмен мән-жайлар бар.
Біріншіден, бұл ақпараттың шығуы Франция, Ресей, Германия мен Украина қатысатын Донбасқа қатысты норманд форматындағы алдағы Париждегі кездесуге арналғанын ешкім жасырмайды.
Бұл туралы Deutsche Welle басылымындағы пікірде ашық айтылған. Онда "Мәліметтің тарап кетуі Кремльге тікелей белгі болуы мүмкін. Бұл сәйкестік деп ойламаймын" делінген.
Екіншіден, ақпарат құралының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон соңғы кезде Ресеймен қатынастағы шиеленісті азайтуға, қалыпты ынтымақтастықты қалпына келтіруге белсенді түрде тырысып жатыр.
Дегенмен енді француз үкіметі "наразылық білдіріп, ресейлік дипломаттарды жіберуі тиіс". Және де бұл "Макрон көзірі" болады, себебі ол Франция аңқау емес екенін көрсетеді.
Яғни, қазір Макронға белсенді түрде қысым жасалып жатыр. Бұл оның Донбасқа қатысты бейбіт келіссөздердің орнына ресейлік дипломаттарды жіберуі үшін, ұрыс бастап, Ресеймен жақындасу процесін бұзу үшін істеліп отыр.
Сондықтан осы жағдайда дәл француз президенті басты нысана және ақпараттық шабуылдың құрбаны болуы мүмкін.