"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото

Хатты Ресейдің Ленинград облысындағы еріктілер тапқан. Ол жауынгердің медальонында сақталған екен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Ресейлік ерікті Ольга Стружанова Ұлы Отан соғысы жауынгерінің хатын тапты, деп хабарлайды Қазақ радиосы.

Забабурин Иванның хаты радиоэфирде оқылды.

"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото

"Менің әйеліме беріңіздер. ҚазКСР, Арал теңізі қаласы. Пушкин көшесі, 4-үй,  Забабурина Анастасия Леонтьевна", - деп жазылған хатта. 

Қазір радио тілшілері жауынгердің туыстарын іздестіруде. Нәтижесі де жоқ емес. Забабурин тегі бар адамдар Шымкент қаласынан табылған.

"Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото

Еске сала кетсек, Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,2 миллион адам қатысты. Бұл халық санының 20 проценті. 

Кеңес Одағының батырын атағын 528 қазақстандық алды. 110 мың адам Даңқ орденімен марапатталды. Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда мен Иван Павлов екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды.