Өңірлер

ҰҚК Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

Бұл факт қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қарастырылатын болады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есірткі тасымалдау тобы әрекетінің жолын кесті. Олар астанадан "PVP" синтетикалық есірткісін жеткізудің өңірлік каналын ұйымдастырған.

2019 жылдың 6 қарашасындағы жедел-іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды", - деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам "PVP" (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды.

Тағы оқыңыз: Қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК арнайы операция өткізді

Бұл факт қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізімге тіркелді. Ұсталғандар Көкшетау қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.