Мемлекет басшысы мен Германия канцлері Қазақстан мен Германияның екіжақты байланысын дамыту мүмкіндіктерін талқылайды. 6 желтоқсан күні Тоқаев Германияның қоғам қайраткерлерінің алдында сөз сөйлейді.
Сондай-ақ, президент 28-ші Берлин Еуразиялық клубының отырысына қатысады. Неміс компаниялары жетекшілерімен кездесу өткізеді.
Германия Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 31 желтоқсанында мойындады. 1992 жылдың 11 ақпанында дипломатиялық байланыс орнатылды.
Тағы оқыңыз: Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельмен сөйлесті
1992 жылдың желтоқсанында Алматыда Германияның елшілігі ашылды. 1993 жылдың қыркүйек айында Боннда Қазақстан елшілігі ашылды. Ол 1999 жылы Берлинге ауыстырылды.