НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің "Виктория" музыкалық сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы сыйлықтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланды.
Әнші бірден бірнеше номинация бойынша жүлдеге үміткер ретінде қатысады. Солардың бірі – "Жыл вокалшысы".
Тағы біреуі – Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" туындысын орындағаны үшін "Жыл әні".
Айта кету керек, автор Игорь Крутой "Жыл композиторы" аталымында үздік атану үшін бақ сынайды.
Сондай-ақ "Любовь уставших лебедей" әнінің тағы бір авторы Михаил Гуцериев "Жыл ақыны" номинациясына ұсынылған.
"Виктория" жүлдесі бүгін Кремлде өтеді.