Фото

Мәнерлеп сырғанаушылар Қызыл алаңда мұз айдынын ашты - фото

Sputnik

Жұлдызбен бірге мұз айдынында фигуристер Алина Загитова мен Петр Чернышев өнер көрсетті.

Бастапқыда көрермендер мәнерлеп сырғанаушылар тоңып қалмай ма деп уайымдады, бірақ тамаша шоу мен фигуристердің шеберлігін тамашалағаннан кейін бұл уайымын ұмытып кетті.

Биылғы ГУМ-сырғанақтың 14-ші маусымының тақырыбы – "Спокойной ночи, малыши!" балалар бағдарламасының мерейтойы. Бағдарламаға 55 жыл толды. 

Сол себептен осы бағдарлама кейіпкерлерімен суретке түсу мүмкін болды. Ал аязда шоколад кәмпиттер мен кофе тарату келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

"Россия сегодня" ХАА және Sputnik - ГУМ-сырғанақ, "Қызыл алаңда ГУМ-дағы жаңажылдық шыршалар" жобасы мен ГУМ-Жәрмеңкенің ақпараттық серіктестері.

1 / 12
Ашылу салтанатының қонақтары үшін Татьяна Навка "Ұйқыдағы ару. Екі патшалық аңызы" жаңа мюзиклінен үзінді орындады.
2 / 12
Мюзикл дайындауға тоғыз ай уақыт кеткен. "Біздің құпиямыз әлі көп. Олардың бәрін паш етпеймін", - деді Татьяна Навка. Шоуда Ани Лорак, Александр Панайотов, Филипп Киркоров, шоумен Гарик Харламов пен басқа да жұлдыздар ән айтып, кейіпкерлерді дыбыстайтыны белгілі.
3 / 12
Спектакль фрагменттерін Татьяна Навка, Алина Загитова, танымал хореограф Петр Чернышев пен басқа әртістер орындады.
4 / 12
Алина Загитова бүгін өзін нағыз ханшайым сезінгенін айтты.
5 / 12
"Ұйқыдағы ару" мюзикліндегі басты рөл туралы мәселе туындағанда, бұл жас әрі талантты фигурист Алинаның қолынан келеді деп сендім", - дейді Татьяна Навка.
6 / 12
Шараға келген танымал актерлер, бизнесмендер, спортшылар мен "Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасының кейіпкерлері Sputnik халықаралық агенттігі мен радиосын 5-жылдық мерейтойымен және Жаңа жылмен құттықтады.
7 / 12
Актриса Екатерина Шпица фитнес-жаттықтырушы Руслан Пановпен бірген жүрді.
8 / 12
"Кухня" телехикаясынан танитын Андрей Бурковский ашылу салтанатына әйелі Ольга мен ұлы Максимді ертіп келді.
9 / 12
Түрлі стендтер мен "Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасының кейіпкерлерімен суретке түсу мүмкін болды. Ал аязда шоколад кәмпиттер мен кофе тарату келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
10 / 12
Ұйымдастырушылар келушілер тоңып қалмас үшін жылы плед таратты.
11 / 12
"Сырғанақ теуіп, біздің энергиядан қуат алыңыздар", - деп Татьяна Навка барлық көрерменді мұз айдынына шақырды .
12 / 12
Дәстүр бойынша, универмаг шамамен екі ай бойы ертегі әлеміне айналады.