Өңірлер

Қарағандыда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды: полиция мән-жайды айтты

38 жастағы әйелдің екі баласы қалды. Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда көшедегі контейнерлердің бірінде жоғалған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметіне сәйкес, ол 29 қараша күні із-түссіз жоғалып кеткен еді.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Еріктілердің айтуынша, Жанар Бөлегенова 29 қараша күні сағат 10:00 кезінде үйінен шығып, таксиге отырған. Өзімен бірге қомақты ақша алыпты.

Полиция жедел шара нәтижесінде 36 жастағы күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр.

Жанар Бөлегенованың екі баласы қалды.