Әлем

Қызға көмектеспек болған төрт жігіт ақырында оны зорлап, өртеп жіберді

Қыздың туыстары полицияға шағым түсіргенімен, олар бойжеткенді іздеуге асықпаған. Жұмысына салғырт қараған үш полицей жұмыстан шығарылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Үндістанның Хайдарабад қаласында төрт жігіт 26 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберді, деп хабарлайды The Guardian.

Басылымның хабарлауынша, 27 қараша кешке бойжеткен скутерін тұраққа қойып, кетіп қалған. Сол маңда ішіп отырған төрт жігіт скутердің доңғалағын тесіп қояды. Қыз қайтып келгенде, оған көмектеспекші болып ниет танытады. Бірақ қол ұшын созудың орнына төртеуі қызды жақын жердегі қараусыз қалған ғимараттың ішінде зорлайды. Ол айқайламауы үшін тұншықтырып өлтірген. Содан кейін қылмыскерлер мәйітті жүк көлігіне салып, көпірдің астында өртеп жібереді.

Ветеринар қыздың денесін келесі күні жергілікті тұрғындардың бірі тауып алады.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда өз қызын зорлап, қашып кеткен тұрғынның мәйіті табылды

Бойжеткен отбасына хабарласып, скутері сынып қалғаны, орта жолда қалып қойғаны туралы айтқаны белгілі болды. Ол үйіне қайтып келмеген соң бірнеше сағаттан кейін туыстары полицияға барады. Бірақ тәртіп сақшылары қызды іздеуге асықпаған, тек алты сағаттан кейін ғана олар қимылдай бастайды. Ақыр аяғында мұндайға жол берген үш полицей жұмыстан шығарылды.

Хайдарабад тұрғынын зорлап, өлтірді деген күдікке ілінген төрт жігіт ұсталды.

Жантүршігерлік оқиғадан кейін Үндістанда наразылық акциялары басталды. Жүздеген әйел көшеге шығып, әділ тергеу жүргізуді талап етті.