Спорт

Екі қазақ спортшысы финалға шықты: біреуі отандасына қарсы шығудан бас тартты

Испания астанасы Мадирдте каратэдан премьер-лига турнирінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қайсар Алпысбай отандасы Дархан Асаділовпен кездесуге шығудан бас тартты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

60 келі салмақта финалдық кездесу қазақстандықтар Дархан Асаділов пен Қайсар Алпысбай арасында өтуі тиіс болатын. Алайда Қайсар өзінің командаласы Дарханға қарсы шығудан бас тартып, олимпиадалық рейтингте көш бастап келе жатқан Асаділов алтын жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бұл салмақта екі қазақстандық спортшы екінші рет финалға шығып отыр. 75 келі салмақта сынға түскен Ермек Айназаров премьер-лига турнирінің финалында франциялық Да Коста Логаннан басым түсті. Негізгі уақыт аяқталарда қарсыластар бір ұпайдан еншілеген. Соңғы шешімді төрешілер айтып, белсенді қимылдаған қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды.

Тағы оқыңыз: Жас қазақ боксшысы Олимпиада чемпионын жеңіп, сенсация жасады – видео

84 келіде ақтық сынға жолдама алған Данияр Юлдашев тәжірибелі түркиялық каратэші Угур Актасқа есе жіберді. Даниярдың еншісінде күміс жүлде бар. Қыздар арасындағы жалғыз жүлдені аса ауыр салмақта күш  сынасқан Софья Берульцева жеңіп алды. Софья финалда грекиялық спортшы, әлем чемпионы Елени Чатзилиададан басым түсті. Осылайша, қазақстандық каратэшілер жылдың қорытынды турнирін жарқын жеңіспен аяқтады.