Өңірлер

Алматыда баланың бауырынан 160-қа жуық құрт шықты

Ішкі ағзада 15 сантиметрге дейінгі үлкен кисталар пайда болған, хирург дәрігерлер баланы аман алып қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Алматыдағы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дәрігерлері күрделі операция жасады, олар баланы бауырдағы паразиттерден емдеп шықты.

Бала мамыр айында денсаулығына шағымданған, сол кезде дәрігерлер жоспарлы тексеру барысында паразит-құрттар бар екенін анықтаған.

"Бала ауруханаға алғаш рет осы жылдың мамыр айында түсті, ол оң жақ қабырғасының асты әлсін-әлсін ауыратынын, әлсіздік бар екенін айтқан – оның соқыр ішегіне ота жасаған. Аурухананың дәрігері іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жүргізуді де ұсынады. Содан кейін дәрігерлер көптеген кистаны анықтады", - деп хабарлады inAlmaty.kz медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жоғарыда айтылғандай, баланың бауырынан 150-160 құрт табылған, олардың біреуінің диаметрі 15 сантиметрге жеткен.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер сәбидің көзінен 11 құрт алып шықты – жұрттың зәресін алған фото 

Бауырдан табылған өмірге қабілетсіз бір кистаны дәрігерлер қан кету қаупіне байланысты қалдыруға шешім қабылдады. Бала операциядан кейін тоғызыншы күні шығарылды.

Эхинококкоз (таспақұртқа шалдығу) – адам ағзасына таспақұрттың дернәсілдерінің енуі салдарынан дамитын ауру. Паразиттерді үй иттері тасымалдауы мүмкін. Өте ұсақ жұмыртқадан бірнеше айдың ішінде үлкен киста өсіп шығуы мүмкін. Аурудан тіпті науқас өліп кетуі мүмкін, өйткені кисталар өмірлік маңызы бар ағзаларда балалайды.