НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында "Астана" ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубымен ойнады.
"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото
© Sputnik / Владислав Воднев
Матчта елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта Джесси Лингард "Манчестер Юнайтедті" алға шығарса, 55-минутта Дмитрий Шомко таблодағы есепті теңестірді.
"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото
© Sputnik / Владислав Воднев
Қарсылас команданың қорғаушысы Дишон Бернардтың автоголы қазақстандықтарға жеңіс әкелді.
"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото
© Sputnik / Владислав Воднев
Осылайша, "Астана" топтағы алғашқы ұпайын алды, бірақ үш балмен соңғы орыннан көтерілген жоқ. Үшінші орында келе жатқан сербиялық "Партизанның" қоржынында төрт ұпай бар.