"Интерфакс" ақпаратынша, алғашқы қайта жасалған стратегиялық Ту-160М бомбалаушы-зымыран тасығышы Ресейдің қорғаныс министрлігіне 2021 жылы беріледі (бұған дейін Ту-160М2 атауы қолданылған еді).
"Туполевтің" мәліметінше, Ресейдің қорғаныс министрлігі барлығы осындай 50 машина сатып алуды жоспарлап отыр. Мұнымен бірге, 16 әскери "стратег" Ту-160М деңгейіне дейін терең жаңғыртудан өткізілуде.
Жаңа Ту-160М борты интеграцияланған модульді авионика элементтерімен жасалады. Зымыран тасығыштың басқа да технологиялық элементтері, атап айтқанда, борттағы радиоэлектронды жабдықтар, қаруландыруды басқару кешені, экипаждың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі эволюцияға ұшырайды.
Ту-160М стратегиялық бомбалаушы үшін ең жоғары жылдамдықпен – сағатына 2200 шақырымға дейін ұшуға қауқарлы. Басқа да сипаттамалары бойынша батыс аналогтарынан асып түседі.
Тағы оқыңыз: Түркия ресейлік С-400 радарларын сынақтан өткізе бастады – видео
2000 жылға дейін Ту-160 бомбалаушы-зымыран тасығышының 36 данасы ғана шығарылған еді. Қазан авиация зауытында Ту-160М нұсқасындағы стратегиялық бомбалаушылардың өндірісін жандандыру туралы шешім 2015 жылы қабылданды. Ал екі жылдан кейін жаңа зымыран тасығыш салынды. Ол 2018 жылдың 25 қаңтарында алғаш рет әуеге көтерілді.