Видео

Ержан Максимді туыстары мен тыңдармандары Алматы әуежайынан күтіп алды

"Балалар Евровидениесі" байқауында екінші орын алған қазақстандық әнші Ержан Максим кеше түнде Польшадан Алматыға ұшып келді.
Sputnik

VIP терминалға кіреберісте адам көп жиналды. Франкфуртте ұшаққа ауысып отырып, бірнеше сағат жол жүріп келгеніне қарамастан, Ержан Максим сергек әрі жақсы көңіл-күйде болды.

Гүлмен, ойыншықпен қарсы алған тыңдармандарымен, журналистермен кездесу оған ұнады. Дегенмен жас талант байқаудың қалай өткенін және қандай сезімде екенін айтуға асықпады.

Балалар Евровидениесі - 2019 Польшаның Гливице қаласында өтті. Оған 18 елдің өкілдері қатысты. Ержан Максим сахнаға "Арманыңнан қалма" әнімен шықты.

Ержан Максим "Балалар Евровидениесі 2019" байқауында екінші орын алды – видео 

Беларусь, Грузия, Нидерланды, Польша, Сербия, Украина және Уэльстің кәсіби музыканттары Ержан Максимге өз балын берді.

Соған қарамастан, Ержан Максим тек екінші орынды иеленді. Бұл сайыста польшалық Виктория Габор жеңіске жетті. Үшінші орын испаниялық Мелани Гарсияға бұйырды.