Әлем

Әжей үйіне түскен ұрыны соққыға жықты

Оқиға орнына барған полицейлер болған оқиғаға таңғалды. Олар тіпті әжеймен фотоға түсуге кезекке тұрған
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Американың Рочестер қаласының тұрғыны үйіне келген ұрыны үстелмен ұрды, деп хабарлайды Wham-tv.

Уилли Мерфидің бірнеше спорттық наградасы бар, бодибилдингпен айналысады.

Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу сағат 23:00-де есік қаққан. Ол жедел жәрдем шақыруды сұрапты. Алайда зейнеткер бір нәрсені сезіп, есік ашпаған. Сол кезде ұры есікті қиратып кіріпті.

Мерфи бірден полицияға хабарласқан. Алайда тәртіп сақшыларының көмегі қажет болмады.

Тағы оқыңыз: Қария 63 жылдан кейін мектептегі ғашығын тауып, үйленіп алды

Әйел бірден қолына түскен үстелді алып, ер адамға лақтырған.

"Үстел қирап, ұры жерге құлады", - дейді қария.

Бұдан соң әжей ұрының бетіне сусабын құйып, соққыға жыға бастаған.

Оқиға орнына келген полицейлер таңғалысын жасырмады. Олар тіпті әжеймен фотоға түскен. Ал жолы болмаған ұры ауруханаға жеткізілді.