НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазгидромет 26-28 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің ақпаратынша, циклон мен атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағына ығысып, жауын-шашын әкелді. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы айтарлықтай көтерілді.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа ығысады. Соның әсерінен республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі", - деп болжады синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 26 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -12℃, күндіз -8℃.
- 27 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -11℃, күндіз -9℃.
- 28 қарашада күн бұлтты. Түнде -9℃, күндіз -7℃.
Алматы
- 26 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -6℃, күндіз -3℃.
- 27 қарашада күн ашық. Түнде -9℃, күндіз -3℃.
- 28 қарашада да күн ашық. Түнде -8℃, күндіз -5℃.
Шымкент
- 26 қарашада күн ашық. Түнде -12℃, күндіз -1℃.
- 27 қарашада күн ашық. Түнде -9℃, күндіз +1℃.
- 28 қарашада күн ашық. Түнде -9℃, күндіз +2℃.