Өңірлер

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Аяздың орнын боран басады. Синоптиктер Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт бұзылатынын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері жел күшейіп, боран көтерілетін айтты.

"Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтеді. Ауа райы құбылмалы болады, қар жауады. Тек батыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел, боран, тұман және көктайғақ болады ", - деп жазылған синоптиктердің 25 қарашаға арналған болжамында.

Дабылды ескерту

25 қараша күні Ақмола облысында боран болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады. Жылдамдығы секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстанда да – боран. Бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Сондай-ақ, Түркістан облысында да дабылды ескерту жарияланды. 25 қараша күні өңірде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы, Жамбыл облыстарында тұман, көктайғақ болады. Түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы -15-20 м/с. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде - боран, тұман, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысында – көктайғақ. Атырау және Ақтөбе өңірінде тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

25 қараша күні астанада қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы 6-8 градус нөлден төмен.

Алматыда да қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 шамасында.

Синоптиктер Шымкентте күндіз плюс 1 градус болады деп отыр.