Әлем

Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды

Гавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секірген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Өзбекстанның танымал актрисасы Гавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секіріп кетті.

Оқиға 18 қараша күні Қашқадария облысындағы А-380 "Самарқанд - Гузар" жолында болған.

Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Жолда жүргізуші актрисаға қол жүгірте бастаған. Әйел есікті ашса да, жүргізушінің көлікті тоқтататын ойы болмады. 39 жастағы актриса көліктен секіріп кетуге мәжбүр болды. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Gazeta.uz.

Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару ережесін бұзу салдарынан болған адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Танымал актриса шұғыл ауруханаға жеткізілді

Гавхар Шарипова "Алпомыш", "Сарвиноз", "Әпке", "Алданған әйел" сынды фильмдерге түскен.