НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы төрешілер Токио олимпиадасында болмайды. Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады.
Басты себеп: кәсіпқой деңгейдегі бокс турнирлерін барынша ашық өткізу. Енді Олимпиаде-2020-да жұмыс істегісі келетін төрешілер арнайы аттестациядан өтуі тиіс. Сондай-ақ, комиссия әрбір үміткердің биографиясын жіті тексереді, деп хабарлайды Sports.kz.
Левит – Тищенко жекпе-жегі
2016 жылы өткен Олимпиадада Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде 0:3 есебімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеңілді. Жанкүйерлер мен сарапшылар Левиттің жеңгеніне сенімді болды. Қазақстандықтар жекпе-жектің шешімін қайта қарауға электронды петиция жасады.
Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео
Левит Тищенко өзіне алтын медальді берсе де, қабылдамайтынын айтты. Левит Қазақстанда олимпиада чемпионы ретінде 250 мың доллар алды.
Халықаралық олимпиада комитеті жекпе-жек қорытындысына қатысты пікір білдірді. Олар 2016 жылдың Олимпиадасында төрешілер тарапынан нәтижені бұрмалау болмағанын айтты.